"Тобыл" көш бастады

1331

17-тур аясында үш матч өтті

"Тобыл" көш бастады

"Тобыл" Olimpbet-Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде бірінші орынға шықты. 17-тур матчында Қызылордада команда жергілікті "Қайсармен" ойнап, "Тобыл" 3: 1 есебімен жеңіске жетті.

Есепті 13-минутта қонақтардың қорғаушысы Сергей Малый ашты. "Қайсар" жартылай қорғаушы Йован Чадженовичтің дәл соққысының арқасында 27-минутта есепті теңестірді. Бірақ 63-ші минутта Дмитрий Мирошниченко тағы да "Тобылды" алға шығарды. Ал 74-минутта Роман Асранқұлов та гол соқты.

Қостанайлық клуб 17-тур қорытындысы бойынша 38 ұпай жинап, "Астананы" қуып жетті. "Тобыл" қосымша көрсеткіштер бойынша астаналық клубты басып озғандықтан, ол ҚПЛ-дің жаңа көшбасшысына айналып, елордалық команданы екінші қатарға ығыстырды.

Таразда Қазақстан чемпионатының 17-тур матчы өтіп, "Тараз" футбол клубы Түркістанның "Тұран" командасын қабылдады. Кездесу 1: 1 есебімен тең аяқталды. Алғашқы голды 71-минутта қонақтардың шабуылшысы Темірлан Әміров соқты. 87-минутта есепті теңестірген Жақып Қожамберді "Тараз" футбол клубын жеңілістен құтқарды.

Сондай-ақ 17-тур матчында "Қайрат" "Каспийді" жеңді. Кездесу Алматыда өтіп, 5: 1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Алдымен, сегізінші минутта Артур Шушеначев гол соқты. Содан кейін 25-минутта ол Вагнер Лавқа көмек көрсетті. Ал 71-минутта бразилиялық дубль жасады.

Руслан Мингазов 73-минутта Стас Покатиловтың осал тұсын іздеп, нәтижесінде есеп ашылды. 90-шы минутта "Каспий" қақпасына бесінші голды соққан Гүлжігіт Алықұлов кездесудің нүктесін қойды. Осылайша жеңіске жеткен алматылық клуб "Астанадан" ұпай айырмашылығын беске дейін қысқартты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу