"Тобыл" мен "Атырау" жартылай финалда

858

Қазақстан кубогының ширек финалдық кездесулері аяқталды.

"Тобыл" мен "Атырау" жартылай финалда

Қарағандыдағы "Шахтер" стадионында жергілікті команда "Тобылмен" кездесті. Алғашқы ойын Қостанай қаласында өткен еді. Сол матчта "Тобыл" 2:0 есебімен жеңіске жетті. Сол 2 доп айырмасы қостанайлықтарға керемет көмек көрсетті. "Шахтер" 2 гол сала алмасын біліп ойын соңында салысы суға кетті. Күннің де қапырық болғаны қатты әсер етті. Ойынның соңғы минутында Рохер Каньяс гол салып, "кеншілерге" жеңіс сыйлады. Алайда, қос матчтың қорытындысы бойынша "Тобыл" жартылай финалға шықты.

Екінші матчта "Атырау" "Қайратты" қабылдады. "Мұнайшылар" астаң-кестеңін шығарып, қарсылас команданың қорғанысын қайта-қайта шабуылдады. Нсунгуси Эфионг деген шабуылшысы қазір бабында жүр. ҚПЛда 4 ойын қатарынан гол соққан нигериялық шабуылшы кездесудің есебін ашты. Одан кейін дәл сол футболшы Демир Имери берген пастан кейін есепті еселеп тастады. Жанкүйерлер бұл шабуылшыны "Лукаку" деп атайды екен.

Екінші таймда "Қайрат" қинап тұрып гол салды. Шушеначев баспен соққы жасап еді, қақпашы қайтарды. Қайтып келген допты қорғаушылар шығарып үлгермеді. Есесіне, "Қайрат" бір гол салып, таразы басын теңестіруге мүмкіндік алды. Алайда, таразы басын теңей алмады.

Енді жартылай финалда "Астана" мен "Ордабасы", "Тобыл" мен "Атырау" командалары кездесетін болды. Жартылай финалдың алғашқы матчы бірінші көрсетілген команданың алаңында, 28 маусым күні өтеді. Қарымта матчтар 8 шілдеге жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу