"Тобыл" "Ордабасының" тас-талқанын шығарды

1504

"Тобыл" өз алаңында "Ордабасыны" жеңіп, 17 турдан кейін ҚПЛ-2022 көшбасшылар тобына қосылды. Қостанайда өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды.

"Тобыл" "Ордабасының" тас-талқанын шығарды

Бірінші таймда Зоран Тошич пен Милан Вукадинович бір-бір голдан соқса, үзілістен кейін Серікжан Мұжықов пен Айбар Жақсылықов есепті еселей түсті. Бұл жеңіс "Тобылға" 29 ұпаймен үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Турнирлік кестеде 35 ұпаймен "Ақтөбе" көш бастаса, 31 ұпайы бар "Астана" екінші орынға жайғасты. Ал "Ордабасы" 26 ұпаймен бесінші орынға түсіп қалды.

"Тараз" өз алаңында "Астанамен" тең ойнады. Алғашқы голды "қазақтың Бенземасы" деген лақап атымен танылған Абылайхан Жұмабек соқты. Алайда кездесу соңына қарай Килан Лебон (1:1) есепті теңестірді.

Сонымен қатар "Қызыл-Жар" футбол клубы 17-ші тур аясында "Тұраннан" жеңісті жұлып әкетті. Петропавлда өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері 83-минуттан бастап он минутың ішінде үш гол соқты. Дарко Зорич дубль авторы атанса, қосымша уақытта Джан Мартинстің алаң ортасынан бағыттаған соққысы қақпадан табылды.

"Каспий" футбол клубы өз алаңында "Қайраттан" ұпай алды. Ақтауда өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Бірінші таймда Артур Шушеначев пен Вячеслав Швырев гол соққанда қонақтар алға шықты. Алматылықтардың соққан тағы бір голы офсайдқа байланысты есептелмеді. Үзілістен кейін "Каспий" есепті теңестіріп кетті. Гол авторлары Павел Киреенко мен Иван Песич.

Осылайша Қазақстан премьер-лигасының 17-тур ойындарынан кейін басты қарсыластарынан 4 ұпай алға озған "Ақтөбе" футбол клубы көшбасшылықты сақтап қалды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу