"Тобыл" соңғы минутта "Тараздан" жеңісті жұлып әкетті

1081

"Тобыл" топтық кезеңнен шығу үшін алаңға негізгі ойыншыларын шығарды.

"Тобыл" соңғы минутта "Тараздан" жеңісті жұлып әкетті

"Тобыл" Қазақстан Кубогінің бесінші туры қарсаңында "Таразды" қабылдады. Матч Қостанайдағы Орталық стадионда өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Ойындағы алғашқы гол бірінші тайм аяқталар тұста соғылды. Айып алаңына еш қиындықсыз кірген Бауыржан Байтана жақын бұрышты дәл көздеп, есеп ашты. Бірақ 69-минутта Игорь Сергеев жауапты голды соқты. Кездесудің қосымша уақытында Сұлтан Әбілғазы бұрыштамадан асырылған пасты өз пайдасына жаратып, командасына жеңіс сыйлады.

Москаленко шәкірттері бұл ойыннан кейін 9 ұпаймен өз тобында көш бастады. "Таразда" да 9 ұпай бар, бірақ екінші сатыда тұр.

"Тұран" Қазақстан Кубогінің бесінші туры аясында "Каспиймен" кездесті. "Түркістан Аренада" өткен матч 0:1 есебімен ақтаулық клубтың пайдасына аяқталды.Ойындағы жалғыз әрі шешуші гол 28-минутта соғылды. Допты қарсыласынан тартып алған "Каспий" қорғаушысы Талғат Кусяпов өте алыс қашықтықтан жойқын соққы бағыттап, командасына үш ұпай сыйлады. Қазақстан Кубогіндегі бес ойында да жеңілмеген ақтаулық клуб Д тобында 13 ұпаймен бірінші орында тұр. "Тұран" 6 ұпаймен үшінші орынға сырғыды. "Астана" Қазақстан Кубогінің бесінші туры аясында "Қайсарды" қабылдады. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Елордалық клубтың жасаған алғашқы шабуылы өте нәтижелі болды. Ойынның 2-минутында Исламбек Қуаттан пас алған Тигран Барсегян гол соқты. Бұдан кейін қос команданың есепті өзгертуге шамасы жетпеді.

Андрей Тихонов шәкірттері бұл ойыннан кейін 10 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. 8 ұпайы бар қызылордалық клуб бір саты төменде тұр

Сонымен қатар Қазақстан Кубогінің бесінші туры аясында "Қайрат" пен "Жетісу" комардалары өзара мықтыны анықтады. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Ойынның небәрі 4-минутында Артур Шушеначев есеп ашты. Ал 18-минутта "Жетісу" қорғаушысының қақпашыға берген пасы жетпей қалды. Нәтижесінде допқа Артур иелік етіп, дубль жасады. 61-минутта әріптесінен пас алған Раде Дугалич алыстан соққы жасап, ойынның нүктесін қойды. "Қайрат" сенімді жеңістен кейін 6 ұпаймен Д тобында үшінші орынға тұрақтады. "Жетісу" 4 ұпаймен соңғы орында қалды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу