Бейбіт Ғалым мен Бекзат Ермекбаев қостанайлық ұжымның бастапқы командасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Бейбіт осы уақытқа дейін негізгі командамен 2 рет ОЖЖ қатысты. Жартылай қорғаушы "Тобылдың" Жастарымен екінші лигада бақ сынаған. Бекзат Қостанай клубының жастар құрамасының капитаны болған. Жартылай қорғаушы "Тобылдың" негізгі құрамына жиі шақырту алып жүр.
Жырғалбек-Уулу "Ақсудағы" келісімшартын ұзартты. 29-жастағы ойыншы "көк-қызылдар" қатарына өткен жылдың басында келген болатын. Павлодарлық командада Қайрат барлығы 29 ойын өткізген. Футболшы Қырғызстан ұлттық құрамасына тұрақты түрде шақыртылып тұрады.
ҚПЛ жаңашылдық енгізілді. Алдағы премьер-лига ойындарының барлығына ресми делегаттар қатысатын болады. Бұған дейін, бұл қызметте жүрген қызметкерлер тек маңызды ойындарда төбе көрсететін. Делегаттар құзырына: матчарды ұйымдастыру және арнайы қызметтермен байланыс орнату секілді қызметтер кіреді. Ойын инспекторлары болса, төрешілерді бағалау қызметіне қатысады.