banner

"Тобыл" тұшымды ойын көрсете алмады

2374

Қазақстан чемпионы Венгрия чемпионын жеңе алмады. Енді бір аптадан соң жауапты ойын болады. Алайда қазірдің өзінде командаға сенім соншалықты мықты емес.

"Тобыл" тұшымды ойын көрсете алмады

Қостанай қаласына чемпиондар лигасы араға 11 жыл салып қайта оралды. Ол кезде "Тобыл" Словакия чемпионы "Слованмен" ойнады. Ал бұл жолы қонаққа "Ференцварош" келді. Венгрия чемпионы өткен жылы Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған ұжым. Жалпы еурокубоктегі тәжірибиесі мол команда. Ойынның бастапқы минуттарынан бастап қонақтар басқа шығып, төске өрледі. Мажарстанның марғасқа командасы көп шабуылдағанымен, маңдытпады. Себебі Мокин келген қауіптің барлығын тойтарып жатты.

Екінші таймның бел ортасынан асқан тұста "Тобыл" шабуылға шығып, алаң иесі екендігін байқатты. Бірнеше гол салатын мүмкіндігі де болды. Айтпақшы, ойынға ЦСКА клубында бапкер көмекшісі болған Гри горий Бабаян келді. Ол кісі ығай мен сығайға арналған орындықта облыс әкімі Архимед Бегжанұлымен бірге отырды. Стадионға 11 мыңға жуық жанкүйер келді. Ойынның атмосферасы өте әдемі болды. Бір кемшін тұсы "Тобыл" гол салмады. Енді келесі аптада "Тобыл" Будапештке барып ойнайды. Шамасы, келесі кезеңге өтуі қиын секілді. Жеңілген соң қостанайлық команда Конференция лигасына барады.

"Тобыл" – "Ференцварош" (Будапешт, Венгрия) – 0:0

Ескертулер: Душан Йованчич 32, Бағдат Қайыров 38 – Балинт Вечеи 33, Франк Боли 38, Айсса Ляйдуни 72

"Тобыл": Александр Мокин (В) – Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Бағдат Қайыров – Душан Йованчич, Асхат Тағыберген (К), Самат Жарынбетов (Серікжан Мұжықов 68) – Рубен Бриджидо (Игорь Сергеев 64), Зоран Тошич, Айбар Жақсылықов (Мильян Вукадинович 76);

Резерв: Сұлтан Бұсырманов (В), Тимур Ақмұрзин (В) – Роман Асранқұлов, Александр Марочкин, Данияр Семченков – Вячеслав Күлпейісов, Владислав Васильев, Жасұлан Жұмашев – Серж Дебле;

Бас бапкерМилан Миланович.

"Ференцварош": Денеш Дибус (В) (К) – Элдар Чивич, Аднан Ковачевич, Сами Ммаэ, Эндре Ботка (Хенри Уинго 77) – Балинт Вечеи (Андерсон Эсити 51), Айсса Ляйдуни, Кристофер Захариассен (Маркиньос 62) – Адама Траоре, Токмак Нгуен, Франк Боли (Форчун Бэсси 62);

Резерв: Адам Богдан (В), Адам Варга (В) – Лоранд Паска, Матс Кнустер, Оливер Нодь – Стьепан Лончар, Ксавье Мерсье, Карлос Ауски;

Бас бапкерСтанислав Черчесов.

Төреші: Дарио Бел (Хорватия)

6 шілде, 2022 – 20:00. Қостанай, "Орталық".

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу