Тоқаев биыл кезектен тыс сайлау өткізуді ұсынып, өзі қатысуға дайын екенін меңзеді

1579

Осы күзде кезектен тыс президент сайлауы өтуі мүмкін. Одан кейін "бір адам екінші рет сайлауға түсе алмайтындай өзгерістер енгізсек" дегенді айтады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Тоқаев биыл кезектен тыс сайлау өткізуді ұсынып, өзі қатысуға дайын екенін меңзеді

Бұл туралы ол Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын", – деді ол. 

Сондай-ақ ол "көп ойланып", президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келген. 

"Президент мандатын ұзақтығы жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады", – деді ол.

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу