Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президентін қабылдады

267

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Чунгвон Чоудың сапары Қазақстанның спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға саналатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президентін қабылдады Фото: akorda.kz

Сондай-ақ, бұл Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының елімізде аталған спорт түрінің дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіреді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы таеквондо олимпиадалық спорт түрі ғана емес, үйлесім, тәртіп және өзара құрмет қағидаттарына негізделген, дүние жүзіндегі миллиондаған адамды біріктіретін философия деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елордада G1 санатындағы Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтинг турнирін өткізу отандық спортшылардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына, тәжірибе алмасуына әрі Ұлттық федерацияның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге кеңінен жол ашады.

Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қазақстанда таеквондоның танымалдылығы артып, халықтар арасындағы байланыс нығая түсетініне сенім білдірді.

Чунгвон Чоу қонақжайлық танытып, Қазақстанда таеквондоның дамуына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Бүкіләлемдік федерация басшысы ертеңгі турнирдің ұйымдастырылуына және еліміздегі осы спорт түріне қызығушылық деңгейіне жоғары баға берді. Сонымен қатар қазақ спортшыларының халықаралық аренадағы табысына тоқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу