Тоқаев қымбатшылық жайлы: "Тәртіп орнататын кез келді"

1359

Бұл ретте Президент жауапкершілік шекараларын бөліп, негізгі орган ретінде бір органды анықтап, басқа ведомстволардың өзара іс-қимылының нақты ережелерін белгілеу қажеттігін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Тоқаев қымбатшылық жайлы: "Тәртіп орнататын кез келді"

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанның орасан зор аграрлық әлеуеті туралы көп айтылады. Алайда АӨК саласында көптеген проблема жинақталып қалған.

"Ең алдымен, бұл тиімсіз баға белгілеу және азық-түлік тауарларын бөлуден байқалады. Мен бұған дейін көтерме-тарату орталықтары желісін құрудың маңыздылығы туралы айтқан болатынмын. Бұл міндет жүзеге асып жатыр", деді ол.

Президент атап өткендей, оларға жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда, ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды. Бұл нарықты монополияландыруға жол берілмейді.

"Сондай-ақ, өндірушінің тізбегі бойынша бағаларға бірыңғай бақылауды қамтамасыз ету қажет. Қазір бұл жұмысқа бірнеше бөлім жауап береді. Бағаның тағы бір "секіруінен" кейін олар мұқият талдау мен тиімді шаралар қабылдаудың орнына бір-біріне қарай бастайды. Бұл істе тәртіп орнататын кез келді",– деді ол.

Мемлекет басшысы жауапкершілік аймағын шектеу, негізгі орган ретінде бір органды анықтау, қалған ведомстволардың өзара іс-қимылының нақты регламенттерін белгілеу қажет екенін атап өтті.

"Үкімет бұл мәселе бойынша бір ай мерзімде шешім қабылдауы керек", – деп түйіндеді.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз !  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу