"Қазақстан қазіргі биліктің арқасында нық тұр", – дейді Владимир Путин.
Айта кету керек, Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздер жүргізіп жатыр.
Кездесу барысында Қ. Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде көп адамның қаза тапқанына қайғыратынын айтты. Президент қаңтардағы митингілерді "халықаралық лаңкестердің операциясы" деп атады.
"Бітімгершілік контингенті тылды қамтамасыз ету, стратегиялық нысандарды қорғау және осы жолы Қазақстанды өз нысанасы ретінде таңдап алған террористерді, бандиттерді психологиялық қорқыту тұрғысынан өте маңызды рөл атқарды", – дейді Қ. Тоқаев
Владимир Путин Қазақстан қаңтар айындағы оқиғалардан кейін қалыпқа келу үшін көп күш салу керек екенін, бірақ ел "қазіргі биліктің арқасында нық тұрғанын" айтады.
"Бұлар ел ішіндегі қиын жағдайды пайдаланған халықаралық банда. Соған қарамастан, жағдай қалпына келтірілді және Ресей ҰҚШҰ елдерінің бірі ретінде Қазақстанға қолдау көрсетті. Басты рөлді Қазақстанның басшылығы және өз ісіне және антына берілген құқық қорғау органдары, қарулы күштер атқарды", – деді Путин.
Жасын Қалибек