Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин су тасқыны жағдайын талқылады

797

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин су тасқыны жағдайын талқылады Фото: akorda.kz

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және даму перспективасын талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. 

Президенттер шекара маңындағы өңірлерде орын алған су тасқыны жағдайын талқылап, екі ел үкіметтеріне табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайтуды тапсырды.

Тараптар екі елдің қарым-қатынастары дәстүрлі түрде әрі стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу