Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен АҚШ басшыларының келіссөзі туралы айтты

284

Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен АҚШ басшыларының келіссөзі туралы айтты Фото: Ақорда

Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды.

Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу