Токио Олимпиадасы. 1-тамызға арналған жарыс кестесі

2762

Бұл күні гимнаст Милад Кәрими, боксшылардан Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев 2020 жылғы Олимпиада ойындарының медалі үшін сынға түседі. Сонымен қатар балуандарымыз алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.

Токио Олимпиадасы. 1-тамызға арналған жарыс кестесі

Тамыздың алғашқы күнінде Токио бозкілеміне грек-рим мен әйелдер күресінің шеберлері шығады. Алғашқы жарыс күні 60 келіде ел сапынан Мейрамбек Айнағұлов (грек-рим күресі) пен 76 келіде Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі) күреседі. Мейрамбек Айнағұлов пен Эльмира Сыздықованың алғашқы белдесуi Қырғызстан балуандарына қарсы өтеді. Мейрамбек тәжірибелі Жоломан Шаршенбековпен кездессе, Эльмира Айперi Медетқызымен өзара мықтыны анықтайды.

8:15 Күрес, 76 кг. 1/8 финал Эльмира Сыздықова - Айпери Медет Кызы

8:17 Жеңіл атлетика. Ерлер - 400м. Іріктеу - Михаил Литвин

8:25 Грек-рим күресі, 60 кг. 1/8 финал Мейрамбек Айнағұлов - Жоломан Шаршенбеков

14:00 Спорттық гимнастика. Ерлер. Финал Милад Карими

15:18 Бокс, 75 кг, 1/4 финал Әбілхан Аманқұл - Эберт Консейсан

16:24 Бокс, 91 келіден жоғары, 1/4 финал Қамшыбек Коңкабаев - Иван Верясов

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу