Токио Олимпиадасы. 3-тамызға арналған жарыс жоспары

1335

Токио Олимпиадасының оныншы жарыс күні де аяқталды. Бүгін спортшыларымыз сүреңсіз өнер көрсетті деуге болады. Су добынан құрамамыз қатарынан бесінші командаға жеңілді.

Токио Олимпиадасы. 3-тамызға арналған жарыс жоспары

Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев алғашқы белдесуде жеңілді. 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен кездесу 5:3 есебімен Ябико Шохейдің пайдасына аяқталды.

Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қатарынан бесінші ойынында жеңілді.  Топтық кезеңнің соңғы ойынында Қазақстан құрамасы Австралиямен кездесіп, 7:15 есебімен ұтылды. Бұған дейін біздің құрама Хорватия (7:23), Сербия (5:19), Испания (4:16) және Черногория (12:19) құрамаларынан жеңілген еді.  Осылайша бірде-бір кездесуінде жеңіске жетпеген Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарының плей-офф кезеңіне шыға алмады.

45 жасар Наталья Сергеева 200 метрге ескек есуден ширек финалда жетінші нәтиже көрсетті. Ал ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар 1000 метр қашықтықта ескек есуден жартылай финалға өте алмады. Олар ширек финалда төртінші нәтиже көрсетіп, Олимпиада ойындарын аяқтады.

Олимпиада ойындарының 3-тамызға арналған жарыс жоспары

9: 05 Грек-рим күресі, 87 келі. 1/8 финал - Нұрсұлтан Тұрсынов - Денис Кудла

14:00 Құзға өрмелеу. Ерлер, көпсайыс. Жылдамдыққа. Іріктеу 14:00 - Ришат Хайбуллин

14:48 Бокс. 52 келі. 1/4 финал - Сәкен Бибосынов - Габриэль Эскобар

15:00 Құзға өрмелеу. Ерлер - боулдеринг. Іріктеу. Ришат Хайбуллин

15:35 Бокс. 63 келі. 1/4 финал. - Зәкір Сафиуллин - Гарри Гарсайд

15:39 Спорттық гимнастика. Ерлер - (перекладина) Финал - Милад Карими

16:30 Әртістік жүзу, дуэт. Техникалық бағдарлама. Екатерина және Александра   

18:10 Ерлер. Құзға өрмелеу. Іріктеу. - Ришат Хайбуллин

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу