Токио Олимпиадасы: Екі қазақстандық боксшы ширек финалда, Елена Рыбакина қола жүлде жеңе алмады

1476

Сәкен Бибосынов қарсыласын 5:0 есебімен ойсырата жеңсе, Зәкір Сафиуллин жекпе-жексіз келесі айналымға шықты. 

Токио Олимпиадасы: Екі қазақстандық боксшы ширек финалда, Елена Рыбакина қола жүлде жеңе алмады

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. 52 килоға дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда франциялық Билал Беннамаға қарсы шығып, 5:0 (29:28, 29:28, 29:28, 29:28, 29:28) есебімен жеңіске жетті. Енді ширек финалда Бибосынов испаниялық Габриэль Эскобарға қарсы шығады.

63-келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін тағы бір қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин Олимпиаданың ширек финалына жекпе-жексіз жолдама алды. Оның қарсыласы жапониялық Дайсуке Наримацу жарақатына байланысты жұдырықтасудан бас тартты. Сафиуллиннің келесі қарсыласы 3 тамызда сағат 18: 35 -те аустралиялық Гарри Гарсайд болады.

Әлемнің 20 ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина қола жүлде үшін сайыста әлемнің 6-нөмірлі ракеткасы украиналық Элина Свитолинамен кездесті. Алғашқы сет басталысымен Еленаның сәл қобалжығанын байқадық. Дегенмен біраз уақыттан соң басымдықты өз қолына алып, бірінші сетте 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Ал екінші сет Элинаның пайдасына 6:7 аяқталды.Үшінші сетте де Еленаның жолы болмай, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесінде украиналық теннисші Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Дегенмен, Елена бар күшін салып, соңына дейін күресті. Алдағы уақытта Елена жеңістерімен қуантады деген үміттеміз.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу