Токио Олимпиадасы. Үш спортшымыз жарыс жолынан шықты

1378

Бүгін бокстан ширек финалдық сайыста Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шығады.

Токио Олимпиадасы. Үш спортшымыз жарыс жолынан шықты

Бүгін, 1 тамызда Олимпиада ойындарында 400 метр қашықтықта іріктеу өтті. Жеңіл атлетика жарыстары бағдарламасының бұл түрінде қазақстандық Михаил Литвин ел намысын қорғады. Литвин 47.15 уақыт көрсеткішімен сайысты жетінші болып аяқтады. Бұл нәтиже 2020 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалисті болу үшін жеткіліксіз болды.

Айта кету керек, 1-орыннан 3-орынға дейін алған спортшылар, сондай-ақ, ең жақсы уақыт көрсеткен алты спортшы жартылай финалға өтті. Осылайша қазақстандық спортшы үшін Токио олимпиададасы аяқталды.

Бұдан бөлек, 76 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эльмира Сыздықова алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды. Ол Рио Олимпиадасының қола жүлдегері қырғызстандық Айпері Медетқызымен боз кілемге шықты. Қазақстандық спортшы бірінші кезеңде 0:1 есебімен ұтылса, ал екіншісінде бір ұпайға ғана ие болды. Кездесу 8:1 есебімен Айпері Медетқызының пайдасына аяқталды.

Грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов Олимпиада ойындарының алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты. Айнағұлов алғашқы жекпе -жегінде қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен кездесті. Кездесу бірінші кезеңде 8: 0 есебімен қырғызстандық балуанның  жеңісімен аяқталды.

Сонымен қатар бүгін тағы үш спортшымыз сайысқа түседі. Олардың бірі гимнаст Милад Карими. Финалдық сайыс Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де басталады. Миладтың қатысумен өтетін жарысты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирден тамашалауға болады. Ал дәл сол уақытта 13:55-те "Хабар" арнасында боксшылар арасындағы турнир басталады. Онда екі қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығады.

75 келіге дейінгі салмақта ширек финалда бразилиялық Эберт Соузамен кездесетін Әбілхан Аманқұлдың жекпе-жегі шамамен 15:18-ге жоспарланған.

16:24-те Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ауыр салмақта жартылай финалға шығу үшін ресейлік Иван Верясовпен кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу