100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде Баландин 59,75 уақыт көрсеткішімен өз тобында 6-нәтиже көрсетті. Алайда, бұл жартылай финалға өту үшін жеткіліксіз болды. Енді Дмитрий 27-шілдеде 200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде іріктеуде бағын сынап көреді. Айта кетейік, Баландин дәл осы қашықтықта Риода өткен олимпиада ойындарында алтын жүлде жеңіп алған болатын.
Сонымен қатар қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев Олимпиада ойындарында жұптық сында алғашқы матчтарын өткізді.
Жарыстың бірінші кезеңінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары француз Джереми Шарди / Гаэль Монфилс дуэті болды. Алғашқы сет 7: 6 есебімен жерлестеріміздің пайдасына аяқталды. Екінші сеттің тағдырын тай-брейк шешіп, 7: 6 есебімен француздар басым түсті. Ал шешуші үшінші сет Шарди мен Монфилстің жеңісімен аяқталды - 10:7.
Екінші айналымда Джереми мен Гаэль немістер Ян-Леннард Штруф пен Александр Зверевке қарсы ойнайды. Естеріңізге сала кетейік, Бублик бүгін жекелей сында 4: 6, 6: 7 есебімен ресейлік Даниил Медведевке есе жіберді. Осылайша аталған теннисшілер үшін Олимпиада аяқалды.
Сондай-ақ бүгін қазақстандық спортшылардан соңғы болып өнер көрсеткен Анастасия Лаврова үстел теннисінен өткен сайыстың бірінші айналымында испаниялық Мария Сяодан 1: 4 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.
Ермұхамед Мәулен