Тоқтар Төлешов елде төңкеріс жасамақшы болған

Лилия Ахметова Лилия Ахметова
8868

Мемлекетте төңкеріс жасау, билікті басып алу,елде тәртіпсіздік ұйымдастыру - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  кәсіпкер Тоқтар Төлешовке таққан айыптарының ұзынырғасы осылай өрбиді.

 Тоқтар Төлешов елде төңкеріс жасамақшы болған

Комитет  өкілі Руслан Қарасаевтың мәлімдеуінше Төлешов шет елдегі әйгілі "Братский круг" сияқты қылмыстық топтарға қаржылай көмек көрсетіп келген.Кәсіпкер ұрлығымен белгілі Аслан Усоян, лақап аты Дед Хасан, Жора Ташкентский атайтын Георгий Сорокин, Гапур Арысланбек Рахимов лақап аты Черный Гафур , Максим Бухарский атымен таныс Нойзин Жумаев, өзара Дядя Ильяс  дейтін Ильяс Сұлтанов секілді қылмыс әлемінің беделді басшыларымен қарым-қатынаста болған.Олардың жеке есеп шоттарына тұрақты ақша аударылғандығы туралы банк деректері бұлтартпас дәлел екендігін растайды.

Кәсіпкер Төлешов   қылмыстық топтың басшыларының жәрдемімен Өзбекстандағы "Шорлық" қонақ үйі, бояу мен кондитерлік өнімдер шығаратын "Ляззат" фабрикасын иеленумен бірге "Узпромстройбанктың" ірі акционерінің бірі атанған.

Тоқтар Төлешов өз кәсіпорнында күзет қызметі есебінен дайындықтан өткен, айтқанын бұлжытпай орындайтын 90 жауынгер тобын жасақтаған. Төлешов пен маңайындағылар заңсыз қару-жарақ, жарылғыш заттарды да иемденген. Кәсіпкердің үй-жайын тінту кезінде 10 атыс қаруы мен әртүрлі  гранаталар табылған. Ал, жауынгерлік топқа тиесілі 60 қару-жарақ күзет фирмасына рәсімделіпті.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Руслан Қарасаевтың айтуынша, Төлешов бастысы елде төңкеріс жасауды жоспарлаған. Билікке жеткен соң, отбасы мен бизнесі үшін "АТФ банк" алдындағы 200 миллион доллар қарызынан құтылуды да көздеген.

Билікке келмес бұрын Төлешов шет мемлекеттерде имиджін көтеруді де ойластырған.Әсіресе, көршілес Ресейде танымал болып үлгерген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті анықтағандай түрлі тәсілдерді пайдаланып, халықаралық журналистер  одағы мен  казактардың қоғамдық бірлестігіне мүшелікке өткен.Ресей үкіметінің қақтығыстар мен террористтік қауіп-қатерді талдайтын орталық филиалының Қазақстандағы басшысы лауазымын атқарған.Басылымдар мен сайттарда Төлешовтың атымен мақалалар жарияланған.Тіпті, кітап та шығарып,көпшілікпен кездесу шаралары ұйымдастырылған.Көптеген ұйымдар наградалар, медальдармен марапаттаған. Мәмілегер ретінде Ливиядағы тұтқындарды босату миссиясына қатысқан.Өзін саяси қайраткер, меценат ,журналистпен қатар саясаткер де сезінген.Өзге мемлекеттерде қазақстандықтардың көзқарасын білдіріп, елдегі саяси ықпалды адам етіп көрсеткен.

Елде 2005 пен 2010 жылдардағы Қырғызстандағыдай бүліктің болуын қалап, егжей-тегжейлі зерттеу үшін арнайы сапарлап қайтқан.Қазақстанның батыс аймақтарында тәртіпсіздік орнатып, үкіметке өзін вице-президент тағайындауына талап қоймақшы болған.Одан кейін мемлекет басшысы болуды ойластырған.

Биылғы сәуірдегі Атырау мен мамырдағы Алматы  қалалары тұрғындарының жер реформасына қарсылық білдіруіне  өткен жылы-ақ қаржы бөліп, жандайшаптарына халықтың алаңға шығуына үгіттеуін тапсырған.Бүгінде белгілі болғандай Төлешов ереуілге себепші серіктестерінің әрқайсысына 50 мың доллар  төлеген.

Одан кейін тергеу изоляторына қамалғанымен де, Оңтүстік Қазақстанның Сарыағаш ауданының 5 мың тұрғынын жинап, жан басына 100-200 доллар ақша үлестірумен қоса орталық алаңда шатырлар тігуге пәрмен берген.

Дегенмен, комитет өкілі кешегі 5 маусымдағы Ақтөбедегі лаңкестік шабуылға қатысы жоқтығын айтып өтті.

Сонымен бірге Төлешов қазіргі Қазақстандағы заңнамаларды өзгерту жобасын дайындаған.Мұндай деректер жеке кабинетіндегі қызметшісінің компьютерінен табылған. Келешек қарамағында қызмет ететін сыбайластарымен сөйлескен жазбалар да сақталған.

Өткен жылы тамызда әкесінің туған күні құрметіне Оңтүстік Қазақстан облысында әскери шара өткізген.Онда   ауыр соғыс техникалары мен үш  ұшақ қатыстырылған. Шетелдік жекеменшік әскери компаниялар мен жалдамалы оққағарлар тобы шақырылған.

Төлешовтің күшпен билікті басып алу жоспарын іске асыруға Бақтыбаев пен Досқалиев араласып, көмектескен.Ол екеуіне төңкерістен кейін бірінді жоғарғы сот төрағасы, енді бірінді ішкі істер министрі етемін деп  уәде берген. Бүгінде Тоқтар Төлешовтің қылмыстық  әрекетімен танысу ісі әлі де жүргізілуде.Одан соң сот  үкім шығарады.

Лилия Ахметова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу