Бұл ойында Марин Томасов 4 гол салып, үздік сұрмергендер тізімінде көш бастады.
Қазақстан премьер-лигасының 31-туры аясында "Астана" командасы "Астана Арена" стадионында "Ақтөбені" қабылдады. "Ақтөбе" премьер-лигада қалу мақсатын орындай алмай, келер жылы 1-лигада ойнайтын болды. Ал "Астанаға" қазір ұпайдан шашау шығаруға болмайды.
Бірінші таймда Марин Томасов екі гол салып елордалықтарды алға шығарды. Екінші таймда ол тағы да екі гол салып, есепті 4:0-ге жеткізді. Ал ойынның нүктесін Серікжан Мұжықов қойды. Покердің арқасында Марин Томасов 19 голмен бомбардирлер тізімінде бірінші орынға шықты.
"Астана" 3 қараша күні сырт алаңда "Тобылмен" кездеседі.
Ермұхамед Мәулен