Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kzhttp://inbusiness.kz тілшісі.
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы Төрехан Сабырхан биылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында ерекше техикасымен жанкүйерлер есінде қалды.
Ол финалға дейін қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді.
67 келі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы екі кездесуін айқын басымдықпен ұтып, ширек финалда да өзбекстандық қарсыласын оңай жеңді. Жартылай финалда қытайлық боксшыны 5:0 есебімен ұтса, финалда кубалық спортшы Дэвид Мануэль Эспиноса Сантоядан басым түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу