Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан (70 кг) бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Сабырхан жарысты бірден ширек финалдан бастап, тәжікстандық Шамшер Саидовты 4:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Осы жеңісінің арқасында Төрехан Сабырхан жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлде алады.
Енді 6 сәуір күні қазақстандық боксшы финалдық жолдама үшін моңғолиялық Бямба-Эрдэнэ Отгонбаатар мен қытайлық Пен Чен Ван арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен қолғап түйістіреді.
Сондай-ақ бүгін Махмұд Сабырхан да шаршы алаңға шығады. Қазақстан уақытымен 14:00-де отандасымыз Шахзод Мұзафаровпен кездеседі.