Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында бағын сынап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жастар арасындағы әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанған Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы ел біріншілігін сәтті бастады. Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында боксшы 67 келі салмақта өнер көрсетіп, алғашқы жекпе-жегінде айқын жеңіске қол жеткізді. Төрехан бірінші айналымда ақмолалық боксшы Айбек Төлегеновпен жұдырықтасып, жеңіске жетті.
Айта кетейік, Төрехан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы. Ол жақында ғана Черногорияның Будвада қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған еді.