Төрехан Сабырхан "Странджа" турнирінің ең үздігі атанды

Ол – мұндай көрсеткішке жеткен тұңғыш боксшы. 

Төрехан Сабырхан "Странджа" турнирінің ең үздігі атанды Фото: Vesti.kz

Отандасымыз аталған турнирде 67 келіге дейінгі салмақта топ жарып, ел мерейін үстем етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Дарынды боксшы "Странджа кубогының" жеребесіне сәйкес, алғашқы айналымында өзбекстандық Олимпиада чемпионы Асахуджа Муйдунходжаевпен шаршы алаңға шығуы тиіс еді. Десе де, қарсыласы жұдырықтасудан бас тартып, кездесу өтпеді. Жеңіс қазақ боксшысының атына жазылды. 

Ширек финалда Төрехан Сабырхан грузин Лаша Гогнидзені жарыс жолынан ығыстырды. Жартылай финалда әзербайжандық Наби Исгандаровты жеңсе, ақтық сында тағы бір әзербайжандық боксшы Заур Гахрамановпен болған жекпе-жекте басымдық танытты. 

Осылайша, Болгарияда бір аптаға созылған халықаралық турнирдің қорытындысында 19 жастағы Төрехан Сабырхан "Ең үздік" деп танылып, арнайы марапат табысталды. Осыған дейін бұл турнирде бірде-бір қазақстандық боксшы мұндай атаққа қол жеткізіп көрмеген еді. Әрі ол дәл осы турнирдегі жеңімпаз атанған ең жас боксшы саналып отыр.

Ел тарихында мұнан бірнеше жыл бұрын боксшы Мерей Ақшалов та 19 жасында чемпион атанғанымен, Төреханнан жас жағынан бірнеше ай үлкендігі бар болып шықты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу