Төрехан Сабырхан Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын еншіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол 67 келі салмақтағы финалдық бәсекеде кубалық Дэвид Мануэль Эспиноса Сантояны жеңді.
Ал ширек финалда өзбекстандық Акбар Ахмадов, черногориялық Милош Роганович пен ауғанстандық Самир Хамдамды тізе бүктірді. Жартылай финалда қытайлық боксшыны қапы қалдырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу