Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындаТөрехан Сабырхан (67 келі) жартылай финалға өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық боксшы ширек финалда өзбекстандық Акбар Ахмадовты жеңді. Енді ол жартылай финалда қытайлық боксшымен қолғап түйістіреді.
Төрехан бұдан бұрын черногориялық Милош Роганович пен ауғанстандық Самир Хамдамды тізе бүктірді.
Айта кетсек, бұдан бұрын әлем чемпионатында ширек финалда Диас Берікбай (48 келі) испандық қарсыласын 3:2 есебімен жеңді. Оның жартылай финалдағы қарсыласы - Сайфиддин Сабиров (Өзбекстан)
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу