Төрешілік бұра тартты

2800

Құрлықтық хоккей лигасында "Барыс" овертаймда жеңілді. 

Төрешілік бұра тартты

Құрлықтық хоккей лигасының аясындағы кезекті ойынында елордалық "Барыс" Мәскеу қаласынан келген "Динамомен" кездесті. Бұл ойында нақты басым түскен команда жоқ еді. Екі ұжым да біркелкі өнер көрсетіп жүргендіктен, букмекерлік кеңселердің өзі теңдей коэфиценттер ұсынды.

Бірінші периодта ресейден келген қонақтар 0-2 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші кезеңде айдын иелері ойын тізгінін қолға алды. Таразы басын теңестірген соң, елордалық хоккейшілер тіпті, үшінші шайбаны салып есепте алға шықты. Бірақ, "Динамо" ойын аяқталуға 3 минут қалғанда есепті қайта теңеді. Бұл жерде ресейліктер ойыншы санынның басымдылығын пайдаланып кетті. Овертаймда ресейліктердің бағы жанып, олар 2 ұпай еншілесе, "Барысқа" жалқы ұпай бұйырды. 

"Барыс" (Нұр-Султан, Қазақстан) — "Динамо" (Мәскеу, Ресей) 3:4 ОТ (0:2, 2:0, 1:1)
Шайбалар:
0:1 — 09:03 Миронов А.А. 
0:2 — 12:10 Яшкин (Шипачёв). 
1:2 — 24:16 Бойд (Диц, Орехов). 
2:2 — 37:01 Сагадеев (Блэкер, Шевченко). 
3:2 — 44:06 Старченко (Виделль).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу