Торғай өңіріне қажетті қаражатты бөлу керек – Олжас Бектенов

Үкімет басшысы бүгінгі өтіп жатқан жиынның тақырыптан тыс мәселесін атады.  

Торғай өңіріне қажетті қаражатты бөлу керек – Олжас Бектенов Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Торғай өңіріне қажетті қаражат бөлуді бірнеше жауапты лауазым иесіне тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Бүгінгі тақырыптан тыс мәселе ол – Торғай өңірін қолдау. Назар аудару керек. Серік Мақашұлы (Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Жұманғарин), Мәди Төкешұлы (Қаржы министрі Тәкиев), қажетті қаражатты бөлу керек. Ұсыныс енгізіңіздер! – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, Премьер-министр Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Үкімет отырысына арнайы келіп қатысып, ұсыныс та дайындап жатқанын сөз етті. 

Еске салайық, Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту және цифрландыру мәселесі қаралуда. 

Осыған дейін inbusiness.kz тілшісі Торғай облысына қатысты "Қазақстан картасында тағы бір жаңа облыс пайда болуға жақын" деген тақырыпта кең көлемде мақала жариялаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу