"Торпедо" көшбасшылығын нығайтты

248

Хоккейден Қазақстан чемпионатының ширек финалы аясында Өскеменде "Торпедо" мен "Ақтөбе" арасында серияның екінші кездесуі өтті.

"Торпедо" көшбасшылығын нығайтты Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Бұл ойында қарсыластарға жеңімпазды анықтауға тағы да негізгі уақыт жетпей қалды. Бірінші кезеңде Александр Акмалдинов пен Никита Колобовтың дәл соққыларынан кейін айдын иелері алға шықты. Бірақ, ақтөбеліктер тез арада есепті теңестіріп үлгерді. Гол авторлары Владислав Арбузов пен Дмитрий Исмагилов.

Бұл жолы овертайм ұзаққа созылмады. 61-минутта Рунов жеңіс шайбасын соғып, "Торпедо" мен "Ақтөбе" арасындағы сериядағы есепті 2:0-ге жеткізді. Келесі матч еліміздің Батыс аймағында өтеді.

Торпедо - Ақтөбе 3:2 ОТ (2:1, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 14:37 - Акмалдинов (Олендаренко, Мусоров)

2:0 - 17:25 - Колобов (Рунов, Александров)

2:1 - 18:47 - Арбузов (Петросян, Гайсин)

2:2 - 20:56 - Исмагилов (Арбузов, Потапов) Г.Б.

3:2 - 61:09 - Рунов (Скутар)

Қақпашылар: Янков - Ершов

"Торпедо" - "Ақтөбе" сериясындағы есеп: 2-0

Жалпы, чемпионаттағы жағдай әзірге осындай:

1-ші орын – Арлан, Кокшетау – 65 ұпай, 40 ойын: 28 жеңіс, 3 буллит жеңісі, 2 буллитте жеңіліс, 1 овертаймдағы жеңіліс; шайбалар есебі: 146–78

2-ші орын – Торпедо, Өскемен, 58 ұпай, 40 ойын: 23 жеңіс, 2 овертаймдағы жеңіс, 3 буллит жеңіс және т.б.; есеп: 133–79

3-ші орын – Хумо – 58 ұпай, 40 ойын: 22 жеңіс, 3 овертаймдағы жеңіс, 2 буллит, жеңіс; есеп: 128-88

4-ші орын – Сарыарқа – 52 ұпай, 40 ойын: 18 жеңіс, 4 овертаймдағы жеңіс, 2 буллит, жеңіс; есеп: 134-103

5-ші орын – Алматы – 50 ұпай, 40 ойын: 18 жеңіс, 5 овертаймдағы жеңіс, 1 буллит, жеңіс; есеп: 128-122

6-шы орын – Горняк, Рудный – 46 ұпай, 40 ойын: 15 жеңіс, 3 овертаймдағы жеңіс, 2 буллит, жеңіс; есеп: 143-120

7-ші орын – Ақтөбе – 38 ұпай, 40 ойын: 14 жеңіс, 1 овертаймдағы жеңіс, 2 буллит, жеңіс; есеп: 110-123

8-ші орын – Номад  – 37 ұпай, 40 ойын: 14 жеңіс, 1 овертаймдағы жеңіс, 1 буллит, жеңіс; есеп: 107-124

9-шы орын – Бейбарыс – 37 ұпай, 40 ойын: 11 жеңіс, 4 овертаймдағы жеңіс, 1 буллит, жеңіс; есеп: 94-108

10-шы орын – Құлагер – 28 ұпай, 40 ойын: 9 жеңіс, 2 овертаймдағы жеңіс; есеп: 96-131

11-ші орын – Ертіс – 13 ұпай, 40 ойын: 6 жеңіс; есеп: 94-237

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу