Қазақстандық "Торпедо" Құрлықтық кубокта өнер көрсететін болды

262

Көкшетаулық "Арлан" клубы биыл жарысқа қатыса алмайтын болды. 

Қазақстандық "Торпедо" Құрлықтық кубокта өнер көрсететін болды Фото: meta-ratings.kz

Өткен маусымда Құрлықтық Кубоктың финалдық кезеңіне қатысудан "Арлан" (Көкшетау) клубының бас тартуына байланысты Халықаралық хоккей федерациясы аталған клубты турнирден шеттету туралы шешім қабылдады.

Енді келесі маусымда бұл трофей үшін ел чемпионатының күміс жүлдегері – Өскеменнің "Торпедо" командасы күресетін болады.

Турнир жаңа форматта өтеді. "Торпедо" 6 команда қатарында жарысты екінші кезеңнен, яғни жартылай финалдан бастайды.

Бұл кезеңде сондай-ақ Польшаның "Катовице" клубы, Ұлыбританияның "Ноттингем Пантерс" командасы, өткен маусымның күміс жүлдегері – Данияның "Хернинг Блю Фокс" клубы және 2023 жылғы финалист – Францияның "Дюк д’Анже" командасы бақ сынайды.

Қалған 8 клуб жарысты бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Екі іріктеу тобында жеңіске жеткен командалар жартылай финалға жолдама алады.

Жартылай финал ойындары 2025 жылдың қараша айында өтеді. Ал Құрлықтық Кубоктың финалы 2026 жылдың 15-18 қаңтары аралығында ұйымдастырылады, оған төрт команда қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу