"Торпедо" мәскеулік "Звезданы" ұтты

1761

26-ақпан күні өскемендік клуб плей-оффтың алғашқы айналымындағы 3-ойында мәскеулік "Звезданы" ұтып, ұпай айырмашылығын қысқартты.

"Торпедо" мәскеулік "Звезданы" ұтты

"Звезда" - "Торпедо" сериясы 22-ақпан күні 4:2 есебімен, яғни мәскеуліктердің жеңісімен басталған болатын. Келесі күні "Звезданың" тағы да  жолы болып, овертаймда 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал үшінші кездесу Өскемен қаласында, алғашқы екі ойынмен салыстырғанда басқа сценариймен өрбіді десек те болады. Қонақтардың басымдылығына қарамастан ойынның 14-минутында "Звезданың" қақпасынан саңылау тапқан Дмитрий Стулов есепті ашты. Ал ойынның 17-минутында Сергей Лапин есепті теңестірді. Сонымен, 1:1 есебімен командалар алғашқы үзіліске кетті.

Екінші айналымда "Торпедо" басымдылық танытып, ойынның 25-минутындағы Евгений Рымаревтің қақпаға дәл бағытталған соққысы есепті 2:1 жеткізді. Бұдан кейін екі команда да есепті өзгертуге қанша тырысқандарымен, ойынның соңғы минутына дейін қақпашылар оларға мүмкіндік бермеді. Алайда, кездесудің аяқталуына 7 секунд уақыт қалғанда Никита Мокин есепті теңестірді. Ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақыттың 9-минутында Евгений Рымарев дубль жасап, командаға жеңіс сыйлады.

"Кездесу әлі де жалғасын табады. Барлығы ойын барысында қабылданған шешімге байланысты. Тең ойын, екі команда да қарап қалмады. Бірақ, өкінішке орай біз өз алаңымызда жібермеген қателіктерге жол бердік", - деді кездесу аяқталған соң "Звезда" командасының бас бапкері Владимир Чебатуркин.

"Звезда" шабуылдаудан бізге қарғанда мықтырақ болды. Бірінші айналымда да, үшінші айналымда да қарсыластар басымдылық танытты, - деді "Торпедоның" бапкері Алексей Ждахин. – Кейбір мүмкіндіктерді сәтті пайдаландық. Жігіттерге алғыс айтамын! - деп қоса кетті ол.

"Торпедо" сериядағы айырмашылықты 1:2 дейін қысқартты. 4-ойын бүгін, 27-ақпан Өскеменде өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу