"Торпедо" "Металлургты" жеңді

2047

Өскеменнің "Торпедо" хоккей клубы Новокузнецк қаласының "Металлург" командасын жеңіп, турнирлік кестеде жоғары көтерілді. 

"Торпедо" "Металлургты" жеңді

Жоғарғы хоккей лигасында ойнайтын "Торпедо" "Металлургке" қарсы мінезді матч көрсетті. Алдымен айдын қонақтары есеп ашты. Александр Локтев екі мәрте қайтара соққы жасап жатып шайбаны қақпа ішіне енгізді. Бірақ, алғашқы периодта өскемендік хоккейшілер Александр Громовтың арқасында таразы басын теңестірді. Бұл жерде керемет пас берген Евгений Рымаревтің де үлесін айта кетейік. 

Екінші 20-минуттық бастала салысымен Евгений Рымарев қақпаға қарай үлкен жылдамдықпен бет алды. Өзі бастаған шабуылды өзі түйіндеп "Торпедо" есепте алға шықты. Ал сосын Тимур Таратуниннің соққысынан кейін серпілген шайбаны Евгений Рымарев қақпаға жай ғана бағыттай салды. Сосын іле-шала Евгений Рымарев хет-трик авторы атанды. Ал 45-минутта Кирилл Савицкий есепті 5-1 қылды. Осыдан соң қос команда тағы бір бірден шайба салып, екінші периодты 6:2 есебімен аяқтады. 

Үшінші кезеңде өскемен хоккейшілеріне уайымдайтын дәнеңе жоқ еді. Дегенімен, Александр Локтев тағы бір шайба салып, дубль авторы атанды. Одан кейін "Металлург" хоккейшісі Вадим Поляков есепті 6:4 қылды. Енді келесі кездесуін "Торпедо" 30-қаңтар күні өткізеді. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу