Төрт қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

2005

Қазақстандық төрт боксшы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты. Бірақ өзбекстандық қарсыластарымен өткен бірде-бір кездесуде боксшыларымыз жеңіске жете алмады.

Төрт қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

75 келіге дейінгі салмақта Дәулет Төлемісов өзбекстандық Мирзоб Некбоевпен кездесіп, жеңіліп қалды. Қазақстандық үш раундта да қарсыласына есе жіберіп, құрлықтық біріншіліктің қола жүлдегері атанды.

Сонымен қатар 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Илья Калининнен жеңілді. Ол өзбекстандық Ходжакбар Азиз Махмудовпен жекпе-жекке шыққан болатын. Ал 60 келіге дейінгі салмақта Мадияр Тайпақов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен тағы бір өзбек боксшысы - Жавохир Умматалиевтен ұтылды.

Финалистерге келер болсақ, Төрехан Сабырхан 52 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында өтіп жатқан турнирдің бесінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылардан алғашқы болып финалға шықты. Жартылай финалда ол Тәжікстан өкілі Бузургмехр Иксановпен кездесіп, қарсыласын тізе бүктірді. Енді ол кем дегенде құрлықтықтық біріншіліктің күміс жүлдесін алады.

Ал 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Адай Ниязбайдың қарсыласы жарыстан шеттетілді. Непалдан келген Чиринг бірнеше рет түкіріп жіберді. Содан кейін үшінші раундта төреші оны жарыстан шеттетті. Осылайша Адай Ниязбай финалға жолдама алды.

57 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда Бақтияр Анарбаев  Тәжікстан өкілі Шахбоз Дадажоновпен өткен кездесудің бірінші раундында-ақ қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіс қазақстандыққа берілді.

81 келіге дейінгі салмақта Мохаммед Аттия-Хамед БАӘ өкілі Мохаммед Касимді бірінші раундта алдымен нокдаунға жіберді, содан кейін үш минут ішінде нокаутқа жіберді. Осылайша төрт қазақстандық боксшы Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу