Төрт құрлық чемпионы атанған Михаил Шайдоров елге оралды

306

Бүгін Астана халықаралық әуежайында мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы, IX қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Михаил Шайдоровты салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Төрт құрлық чемпионы атанған Михаил Шайдоров елге оралды Фото: ҰОК

"Шынымды айтсам, төрт құрлық чемпионатында 1-орын алатынымды күтпедім. Иә, жүлделі орынға таласуға мүмкіндігім болды. Бірақ марқұм Денис Тен чемпион болған елде, спорт сарайында жетістікті қайталау керемет эмоция сыйлады. Жеңімпаз екенімді әлі толық сезінбедім. Қысқы Азия ойындары мен төрт құрлық чемпионатының арасы өте жақын болды. Енді аздап тынығып, әлем чемпионатына дайындалуға кірісемін", – деді өз сөзінде Михаил Шайдоров.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров араға 10 жыл салып, төрт құрлық чемпионатынан ел тарихындағы екінші алтынды жеңіп алды.

Сондай-ақ, IX қысқы Азия ойындарында да жүлделі үштікке кірген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу