Төрт ойынды түгел жеңілді

2684

Қазақстан жастар құрамасы хоккейден Әлем чемпионатында топ ішіндегі ойынның барлығын жеңілді. 

Төрт ойынды түгел жеңілді

Қазақстан жастар құрамасы 30-қаңтар күні "А" тобындағы соңғы кездесін өткізді. Швеция жастарымен өткен матчта отандастарымыз небәрі 2 шайба салып, қақпаларына 6 гол жіберді. Осы ойыннан кейін жастар құрамасы ешқандай ұпайсыз соңғы орында қалып кетті. Енді Старыгин шәкірттері 2 қаңтар күні 2 жеңіске дейін жалғасатын өтпелі матч өткізеді. Қазақстан жастар құрамасының қарсыласы әлі анықталған жоқ. 

Ал Швецияға қарсы өткен ойында Қазақстан құрамасынан Максим Мусоров тағы да көзге түскенін айта кетуіміз керек. Осы біріншілікте 4 шайба соққан сұрмерген көптеген хоккей мамандарының көзіне түсті. Жас шабуылшы жақын арада елордалық "Барыстың" негізгі командасына алынуы әбден ықтимал. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу