Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта украиналық Карине Айрапетянды жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финалдық бәсекеде төртінші отандасымыз өнер көрсетті.
81 келідегі Гүлсая Ержан финалда украиналық Карине Айрапетянмен жолығып, барлық раундта мықты екенін аңғартты. Есеп – 5:0.
Осылайша әйелдер құрамасы 4 алтын, 6 қола медальға қол жеткізіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу