Төтенше жағдай кезеңінде өміріміз қалай өзгереді?

12329

Ертеңнен бастап елімізде Төтенше жағдай режимі жарияланды.

Төтенше жағдай кезеңінде өміріміз қалай өзгереді?

16 наурыз бен 15 сәуір аралығында жарияланған төтенше жағдай кезінде бірнеше шектеу енгізілмек.

Күзет күшейтіледі

Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және  ерекше қорғалатын онысандардың,  халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандардың күзетілуі күшейтіледі.

Сауда, ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді

Ірі сауда нысандарының жұмыс істеуіне шектеу қойылды. Яғни, сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтатылды.

Карантин енгізілді

Ел аумағында карантин енгізілуіне байланысты Қорғаныс министрлігі мен ішкі істер органдарының қатысуымен санитариялық-эпидемиологияға қарсы ауқымды шаралар ұйымдастырылады.

Той-томалақ, науқан өткізуге жол жоқ

Президенттің Жарлығында бұл турасында:

"Ойын-сауық,  спорттық  және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ  отбасылық,  салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын", - делінген.

Елге кіру және шығу шектелді

Дипломатиялық қызмет персоналын, ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.

Сақтық шараларына министрлер мен облыс әкімдері жауапты

Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамына енген  ІІМ, ҰҚК, Қорғаныс министрлігі, ДСМ, ИИМ, Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері жауапты болып айқындалды.

Барлық шара мен шектеулер Бас Прокурордың бақылауында болады.

Үкіметі резервінен қажетті қаражат бөлінеді.

Режимді сақтаудан бас тартқан адамдарды не күтеді?

"Медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын, эпидемиологиялық жағдайды айқындау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарға бақылау, сондай-ақ аталған адамдардың жауаптылығының шаралары күшейтілсін", - деп жазылған Жарлықта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу