Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия қайта құрылды

1462

Мәулен Әшімбаев қандай салаларға ерекше назар аударылатынын айтты.  

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия қайта құрылды

Сенат спикері ретінде палатаның алғашқы жалпы отырысына төрағалық еткен Мәулен Әшімбаев Президент ұсынған даму стратегиясы заңнамалық тұрғыда және дер кезінде қамтамасыз етілуге тиіс екенін мәлімдеді. 

Ол төтенше жағдай режимі аяқталғанын, алда дағдарыстан кейінгі даму шараларын жүзеге асыру міндеті тұрғанын тілге тиек етті. 

"Елімізде індетпен күрес жұмыстары жүйелі жүргізілді. Президенттің тапсырмасына орай дер кезінде қажетті шешім қабылданады", – деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат төрағасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдар міндеттерін тиісінше орындағанына тоқталып, елімізде вирустың жаппай таралуының алды алынғанын айтты. 

"Азаматтардың қабылданған шектеулерге түсіністікпен қарауы Президент шешімінің нәтижелі болуына оң әсерін тигізді. Қазір жағдай айтарлықтай тұрақтанды. Дегенмен дерттен әлі де болса толық арылған жоқпыз. Сондықтан бірқатар шектеу қала береді. Осыған орай сақтық шараларын ұстануымыз керек", – деді Мәулен Әшімбаев.

Оның сөзінше, індет көптеген салаға кері әсерін тигізген. 

"Мемлекет басшысының бастамасымен дағдарысқа қарсы шаралар жүзеге асырылуда. Халыққа және бизнеске қолдау көрсетуге басымдық беріліп жатыр. Азаматтардың денсаулығын сақтауға, табысын арттыруға, бизнесті қолдауға, білім және ғылым жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылады. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылып, кешенді жоспар дайындалады. Сенат осының бәрін ескеріп, өз жұмысын тиімді ұйымдастыруға тиіс. Біз Елбасы саясатының сабақтастығын сақтай отырып, Президент ұсынған даму стратегиясын заңнамалық тұрғыда сапалы әрі уақытылы қамтамасыз етуіміз керек. Мемлекет басшысы 4 мамырда Сенатта сөйлеген сөзінде палатаның ең басты міндеті сапалы заң қабылдау екенін атап өтті. Осы бағытта бірлесіп нәтижелі жұмы істейміз деп сенемін", – деді Мәулен Әшімбаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу