Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны салдарын жоюға, атап айтқанда баспана құрылысы жұмыстарына бизнес қолдау көрсеткенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Болашақта су тасқынын болдырмау үшін облыс әкімдері жыл соңына дейін бөгеттер мен гидротехникалық құрылыстарды салу және жөндеу жұмыстарын аяқтауы қажет. Өздеріңіз білетіндей, су тасқыннан барлық зардап шеккендерге қысқа мерзімде үйлерді сатып алу және салып беру тек ірі отандық кәсіпкерлердің арқасында мүмкін болды. Олардың қаржылай қолдаудың арқасында 260 млрд теңге демеушілік қаражат тартылды. Бұл жағдайда бизнес үлкен әлеуметтік жауапкершілік танытты, алайда алдағы уақытта төтенше жағдайлардан зардап шеккендердің шығындардың өтеудің жаңа шаралары мен тетіктерін қарастыру қажет", - деді Бозымбаев.
Ол республикалық және жергілікті бюджеттердің төтенше жағдайға арналған резервтің төмендетілмейтін соммасын айқындау қажет екенін айтты.
"Мүлікті төтенше жағдайдан міндетті сақтандырудың оңтайлы модельдерін анықтау және табиғи апаттар қаупі бар аймақтарда енгізу бойынша жұмысты бастау қажет. Сонымен қатар catastrophе bond-тар механизмін енгізу керек", - деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары.
Қанат Бозымбаев бірқатар мәселелерді нормативтік тұрғыдан реттеу қажеттігін жеткізді.
"Тұрақты жұмыс істейтін республикалық жедел штаб құру, оны өңірлік және республикалық денгейдегі төтенше жағдайлар кезеңінде шешімдер қабылдау, зардап шеккен мүлікті қалпына келтіру, залалды өтеу, ұйымдардың күштерін және олардың мүлкін тарту бойынша өкілеттіктер беру жоспарланып отыр", - деді спикер.