Тrade-in ауыл шаруашылық техникаларына да жетті

Жаңа бағдарлама бойынша аграршылар қолда бар ауылшаруашылығы техникасын сатып және одан түскен ақшаға жаңа модельдерді сатып ала алады.

Тrade-in ауыл шаруашылық техникаларына да жетті

Тrade-in бағдарламасының міндетті шарттарының бірі – дилер сатып алатын техниканы жөндеу және оған техникалық қызмет көрсетуде тұпнұсқалық қосалқы бөлшектерді пайдалану.  Бұл талапты орындау қайталама сату мен тиісті диагностика жасау, машиналарды жөндеуден кейін, оларға жаңа техникаларға секілді кепіл беруге мүмкіндік береді. Бұл ретте сатып алушыға әр комбайн, трактор немесе басқа агрегат бойынша толық пайдалану тарихы, жүргізілген жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсету жайлы ақпарат ұсынылады.

Компанияның статистикасы көрсетіп отырғандай, trade-in бағдарламасын енгізу бәрінен бұрын жаңа техникаларды сатуға және машиналардың орташа қызмет көрсету мерзімін қысқартуға септігін тигізеді. Тап қазіргі уақытта осындай шарт бойынша комбайндар мен тракторларды сату – Қазақстанның аграрлық нарығын дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып отыр.

"Көптеген шаруашылық иелері комбайн немесе тракторды бірнеше жыл пайдаланғаннан кейін, оны жаңа модельге айырбастауға болатынын түсінгесін, сатып алу туралы шешім қабылдау оңай болмақ. Мәселен, шаруашылықтың қажеттілігі өзгергенін ескере отырып, шөпжинағышты тракторға немесе тиегішті дискілік шөп машинасына айырбастауға болады. Бағдарламаның арқасында тек жаңа машиналарға ғана емес, сонымен қатар ұсталған машиналарға деген ұсыныс қалыптасуда. Жыл сайын байқап отырғанымыздай, бұрын жүрілген комбайн немесе тракторды алғаш сатып алған клиент уақыт өте келе өз паркін басқа да модельдермен толықтырып, жаңа машиналар сатып ала бастауда. Ал шағын және орта шаруашылық үшін бұрын жүрілген техниканы сатып алу қаржылық жағынан тиімді. Оның үстіне өнімділігі жоғары машиналар оларға техниканы жаңартуға қажет қаржылық ресурстарды әкеле бастайды", –  деп атап кетті Қазақстандағы CLAAS-тың сауда жөніндегі өңірлік менеджері Алексей Зонин.

Гүлназ Ермағанбетова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу