"Трактор" командасы "Барысты" жайпап өтті

2219

Биылғы маусымдағы қонақтағы матчтар сериясының соңғы кездесуінде "Барыс" командасы "Трактордан" жеңіліп қалды.

"Трактор" командасы "Барысты" жайпап өтті

Челябинскі командасы соңғы турда өз алаңында "Северстальді" 6:1 есебімен жеңген болатын. Бұл матчта Виталий Кравцов, Никита Тертышный, Владимир Ткачев, Тему Пулккинен, Томаш Гика және Игорь Исаевтар көзге түсті. Ал күні кеше "Барыс" сырт алаңда "Ақ барспен" кездесіп, есепте үш рет алға шыққанымен, жеңіс қазандықтардың еншісінде қалды (5:3). Айдын иелерінің қақпасына соғылған голдардың авторлары Якоб Берглунд, Коди Куник және Егор Петухов болды.

Қараша айының басында "Барыс" пен "Трактор" Нұр-Сұлтанда кездескен еді. Ол уақытта Никита Михайлис хет-трик жасап, командасын алға шығарғанымен, Ресей құрамасы қосымша уақытта жеңісті жұлып (5:4) әкетті.

Бүгінгі матчқа медициналық себептерге байланысты Коди Куник қатыса алмады. Оның орнына ойынға Әлихан Әсетов шықты. Қорғаныс шебінде Егор Шалаповтың орнын Самат Данияр басты. Ал Никита Бояркин қақпадан орын алды. Алғашқы кезеңде айдын иелері белсенді өнер көрсетіп, "Барыс" ойыншыларын айдыннан кетуге мәжбүрледі. Нәтижесінде, Никита Тертышный мен Лукаш Седлак Никита Бояркин қорғайтын қақпаны дәл көздеді. Кездесудің 38-минутында Седлак дубль жасап, есеп 3:0-ге жетті. Екінші кезеңде қонақтар белсенді ойнай бастады және "Барыс" сапынан Якоб Берглунд гол соқты. 40-минутта Томаш Юрчоның шығарған пасынан кейін Антон Сагадеев есеп айырмасын қысқартты. Ол "Барысқа" оралғаннан соң осы маусымдағы өзінің алғашқы голын соқты. Бірақ осыдан кейін ойын одан әрі қыза түсті. Кездесу аяқталар тұста "Трактор" сапынан Пулккинен бос қақпаға гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

Трактор - Барыс 4:2 (2:0, 1:1, 1:1)

1: 0 - 08:05: Тертышный (Исаев, Байлен)

2: 0 - 09:14: Седлак (Байлен, Пулккинен)

3: 0 - 34:38: Седлак (Байлен, Гик)

3: 1 - 37:47: Берглунд (Савицкий)

3: 2 - 40:39: Сагадеев (Юрчо, Ертең)

4: 2 - 58:19: Пулккинен (Основин)

Қақпашылар: Уилл – Бояркин

27 желтоқсанда "Барыс" өз алаңында "Автомобилист" командасын қабылдайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу