The Washington Post басылымының жазуынша, америкалық көшбасшының мұндай сөзі әзіл-қалжың ретінде айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жыл сайынғы "Альфальфа" кешінде Дональд Трамп Венесуэла Американың 53-ші штатына айналуы мүмкін екенін ашық айтқан.
Report басылымының жазуынша, бұл кешке БАҚ өкілдері қатыспаған. Іс-шараға шамамен 200 ғана адам шақырылған.
Бір қызығы, олардың әрқайсысына 2 қонақ ертіп әкелуге рұқсат беріліпті. Меймандар Capital Hilton қонақүйінде бас қосты.
– Біз Гренландияға басып кірмейміз, оны сатып аламыз. Мен Гренландияны 51-штат етуді ешқашан мақсат еткен емеспін. Мен Канаданы 51-штат еткім келеді. Гренландия 52-ші, ал Венесуэла 53-ші болуы мүмкін, – деді АҚШ президенті.