Трамп АҚШ-та туғандарға бірден азаматтық беру құқығын жоюға ниетті

472

Бұл шешімнің себебі белгілі болды.  

Трамп АҚШ-та туғандарға бірден азаматтық беру құқығын жоюға ниетті Фото: REUTERS/Evan Vucci

Report.az басылымының жазуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп елде дүниеге келген барлық балаға автоматты түрде азаматтық беру тәртібін тоқтатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Ақ үйдегі Доғал кабинетте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Меніңше, туу арқылы азаматтық берілетін әлемдегі жалғыз ел – АҚШ. Біз мұны тоқтатамыз", – деді Ақ үй басшысы.

Бұған дейін Трамп туу құқығы бойынша азаматтық алу қағидатын шектеуге бағытталған бірнеше жарлыққа қол қойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу