Өйткені, 31 жастағы Чарли Кирк елдегі ең ірі консервативтік жастар ұйымдарының негізін қалаушылардың бірі бола білді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Трамп осыған дейінгі сөзінде де Чарли туралы пікірін ашық айтып, оның еңбегі өлшеусіз екенін жеткізген-ді.
– Шын мәнінде ұлы америкалық патриот Чарли Кирктің құрметіне жексенбі күні кешкі сағат 18:00-ге дейін бүкіл Америка Құрама Штаттарындағы туды түсіруге бұйрық беремін, – деп жазды ол Truth Social желісінде.
Deseret News тілшілері оқиға Кирктің студенттермен кездесуіндегі сұрақ-жауап сессиясы кезінде болғанын алға тартады. Чарлидің сөзінен соң шамамен екі минут өткенде оқ атылып, саясаткер мойын тұсынан жарақат алған.
Бұған дейін Дональд Трамптың жақтасы Чарли Киркке қастандық жасалып, қаза тапқанын жазған едік.