Трамп: Дания Гренландияны қорғай алмайды

369

Ақ үй басшысы райынан қайтар емес.

Трамп: Дания Гренландияны қорғай алмайды Фото: blick.ch

Вашингтон Гренландияны бақылауға алу мәселесін Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумда талқылайды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Ақ үй басшысы Флоридада журналистер алдында сөйледі.

"Біз Гренландияға иелік етуіміз керек. Дания оны қорғай алмайды", – деді Трамп. 

Сонымен қатар АҚШ президенті Дания басшылығы туралы да пікір білдірді.

"Мен олардың басшыларын білемін. Олар – өте жақсы адамдар, алайда олар тіпті Гренландияға бармайды да", – деп атап өтті Дональд Трамп.

Ақ үй басшысы Давоста өтетін форум аясында Гренландия мәселесін бірнеше тараппен талқыламақ. Трамп Швейцарияда өтетін жиынға 21 қаңтарда келеді деп күтілуде. Сол күні форумда сөз сөйлейді. Бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-тың Гренландияны өз бақылауына алуы керек екенін бірнеше рет айтқан. Оның сөзінше, Арктика аймағында Ресей мен Қытайдың суасты қайықтарының белсенділігі артты. 

20 қаңтар күні АҚШ президенті Гренландия мәселесін НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен телефон арқылы талқылады.

"Гренландия ұлттық және жаһандық қауіпсіздігіміз үшін аса қажет. Артқа жол жоқ. Бәрі осымен келіседі!", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу