Түркия президенті әкімшілігінің байланыс басқармасының басшысы Бурханеттин Дуранның мәліметінше, 16 қаңтар 2026 жылы Трамп Ердоғанға "Бейбітшілік кеңесінің" құрылтайшы мүшесі болуға шақыратын хат жолдаған.
Америкалық басшы хатында Ердоғанға Кеңестің жұмысына қатысу ұсынылғанын және ол Газа секторын қалпына келтіру мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты болатынын айтқан.
– БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 2803 қарары бойынша АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған Газадағы жанжалды тоқтату жөніндегі жан-жақты жоспарын қолдауды шешті. Осы аясда "Бейбітшілік кеңесі" және оның құрылымдары құрылып, Газаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалпына келтіру жұмыстарына жауапты болады, – деп жазды Дуран түрік NSosyal платформасында.