Трамп Ердоғаннан Ресей мен Украинаға арағайын болуын сұрады

Ердоған мен Трамп 3 күн бұрын телефон арқылы сөйлескен.  

Трамп Ердоғаннан Ресей мен Украинаға арағайын болуын сұрады  Фото: РБК

Түркия мен АҚШ президенттері Украина ғана емес, Сирия және Газа аймағындағы жағдайларды да талқылаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әңгіме барысында Трамп Түркия басшысының Путинмен де, Зеленскиймен де келіссөздер жүргізе алатынын атап өткен. Яғни, осы мәселеде арағайындық жасауды сұрады. Өз кезегінде Ердоған да жақсы іске дәнекер болуға дайын. Бірақ, оның да басқа "бұйымтайы" бар. Ол – Америка президентінің Газадағы атысты тоқтатуға себепші бола алатыны. Ердоған Трампқа осындай ойы барын жеткізген. Ол "Израильдің шабуылы Сирияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төндіреді" деп есептейді.

Қос тарап 3 күн бұрын, яғни 5 мамырда телефон арқылы тілдескен. Трамп аталған сөйлесуді "өте жақсы және өнімді" деп сипаттайды. Сондықтан да, Ердоғанды Вашингтонға шақырған әрі өзі де Түркияға баруға құмартып жүргенін айтқан. Осылайша, екі ел басшысы Украинадағы соғысты тоқтату үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісіп отыр. 

Ердоған әңгіме барысында АҚШ-тың соғысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған бастамаларын қолдайтынын ашық мәлімдеген. Ол Түркияның Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерге арағайын болуға дайын екенін, керек болса келіссөздерді қабылдауға әзір екенін айтқаны белгілі болды. 

Еске салайық, Ресейдің қазіргі талаптары тым жоғары саналуда. Бұған дейін Трамп та Ресейдің бейбітшілікке шынайы ұмтылысына күмән келтірген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу