АҚШ президенті Дональд Трамп Газаға қатысты келіссөздердің жалғасып жатқанын мәлімдеді.
"Газа мәселесі бойынша Таяу Шығыс елдерімен жемісті келіссөздер жүргізіп жатқанымызды қуана хабарлаймын. Қарқынды консультациялар төрт күннен бері жалғасуда және сәтті келісімге қол жеткізгенге дейін қажет болғанша жалғаса береді", – деп жазды Трамп америкалық Truth Social әлеуметтік желісінде.
Ол талқылауларға аймақ елдері қатысып жатқанын, ХАМАС-тың жағдайдан хабардар екенін және Израильдің, соның ішінде премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға дейін толыққанды ақпарат беріліп отырғанын айтты.
АҚШ президентінің сөзінше, келісімге қол жеткізуге қатысты қазір бұрын-соңды болмаған деңгейде ынта мен ізгі ниет байқалып отыр.