Трамп Иран мұнайына көз тігіп отыр

298

Харг аралы Иранның негізгі мұнай орталығы болып саналады.

Трамп Иран мұнайына көз тігіп отыр Фото: bloomberg.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Financial Times газетіне берген сұхбатында Иран мұнайын бақылауына алғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Ақ үй басшысы бұл қадамды елдің Венесуэладағы әрекеттерімен салыстырып отыр. 

"Шынымды айтсам, мен Иран мұнайын өз бақылауыма алғым келеді. Алайда АҚШ-та кейбір ақымақ адамдар "неге бұлай істейсің?" дейді. Олар – ақымақтар", – деді Дональд Трамп.

Financial Times жазуынша, бұл АҚШ-тың Харк аралын басып алуы мүмкін екенін білдіреді.

Ирандағы соғысқа байланысты қара алтын бағасы бір ай ішінде 50%-ға өссті. 30 наурыз күні таңертең Азия нарықтарында Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 116 доллардан асты. Осылайша қақтығыс басталғалы бергі ең жоғары деңгейге жақындаған.

БАҚ-тың жазуынша, Пентагон аймаққа 10 мың әскери қызметкер жіберуді мақұлдаған. Сарбаздар Харк аралын басып алып, кейін бақылауда ұстауы тиіс екені айтылған. 27 наурыздың өзінде өңірге шамамен 3500 америкалық әскери қызметкер, оның ішінде 2200 теңіз жаяу әскері келген. Тағы 2200 теңіз жаяу әскері жолда екені хабарланған. Бұдан бөлек әуе-десант дивизиясы құрамынан да мыңдаған әскери қызметкерді жіберу туралы бұйрық шығарылған.

"Бәлкім біз Харк аралын басып аламыз, олай болмауы да мүмкін. Біздің көп мүмкіндігіміз бар. Бұл біздің Харк аралында біраз уақыт боламыз дегенді білдіреді", – деді АҚШ президенті.

Айта кету керек, бұған дейін Сауд Арабиясы мұнайды Ормуз бұғазын айналып өтетін бағытпен айдай бастағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу