АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Иранға жасалуы тиіс шабуылды тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Трамптың дүйсенбі күні әлеуметтік желіде жасаған күтпеген мәлімдемесі Тегеран Вашингтонның соғысты тоқтатуға бағытталған жаңа ұсынысына жауап бергеннен кейін жарияланды. АҚШ президенті Truth әлеуметтік желісіндегі жазбасында "ертеңге жоспарланған Иран Ислам Республикасына қарсы әскери шабуылды тоқтататынын" мәлімдеді.
Ақ үй басшысының сөзінше, тиісті шешім Қатар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері басшыларының өтінішінен кейін қабылданған. Қазір маңызды келіссөздер жүріп жатқаны белгілі болды.
"Бұл елдердің басшыларын құрметтегендіктен, Пентагон басшысы Пит Хегсетке, Біріккен штаб бастықтары комитетінің жетекшісі Дэн Кейнге және АҚШ қарулы күштеріне ертең Иранға шабуыл жасамау туралы тапсырма бердім. Бірақ та, егер келісімге қол жеткізілмесе, алғашқы бұйрық түсе салысымен Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастауға дайын болуды да тапсырдым", – деді Трамп.
Ол келісімде Иранның ядролық қаруға қол жеткізбеуі қамтылуы тиіс екенін атап өтті. Иран Ақ үй басшысының соңғы мәлімдемесіне қатысты ресми түрде пікір білдірген жоқ.