Трамп Иранға шабуыл жасауды 40 жыл бұрын жоспарлаған

Италиялық Ansa.it ақпарат агенттігінің жазуынша, бұл үрдіс 1980 жылы Ирандағы кепілге алынғандар дағдарысы мен Иракпен соғыс кезеңінен бастау алады. 

Трамп Иранға шабуыл жасауды 40 жыл бұрын жоспарлаған Фото: REUTERS / Nathan Howard

Яғни, АҚШ президентінің Тегеранға қатысты өшпенділік қарым-қатынасы шамамен 40 жылдан бері жалғасып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Эпикалық қаһар" әскери операциясы басталғанға дейін 40 жылдан аса уақыт бұрын Иран Дональд Трамп үшін басты назардағы тақырыптардың бірі болды. Ол кезде америкалық көшбасшы тек жылжымайтын мүлік магнаты әрі табысты кәсіпкер болатын. Телешоуларға қатысып, кино-сериалдарға түсіп және танымал бағдарламаларда бой көрсететін. 

1988 жылы The Guardian басылымына берген сұхбатында ол Иранға шабуыл жасау мүмкіндігін сөз етіп, Харг аралына соққы беру туралы ойын айтқан. Егер Тегеран америкалық кемелерге шабуыл жасаса, онда ол "мұнай аралынын" аямайтынын ескерткен. Әрі Ақ үйге әлі аяқ баспаса да, өзінің "Келісім өнері" атты кітабының таныстырылымында "Мен араласамын және оны өз бақылауыма аламын" деп мәлімдеген. 

Десе де, Трамптың Иранға қатысты көзқарасы бұдан да ертерек басталған. Демек, 1980 жылы қалыптаса бастады деуге әбден болады. NBC арнасына берген сұхбатында ол Ирандағы кепілге алынғандар дағдарысын "АҚШ-тың халықаралық беделінің төмендеуінің белгісі" деп бағалаған. 

Журналисттің "Сіз әскер кіргізіп, Вьетнамдағыдай азаматтарымызды қайтаруымыз керек дейсіз бе?" деген сұрағына ол: "Иә, дәл солай деп ойлаймын", деп жауап қатады. Бұл ұстаным АҚШ президентінің қазіргі позициясына да ұқсас.

Ирандағы кепілге алынғандар дағдарысы 1979 жылы студенттердің Тегерандағы АҚШ елшілігін басып алуынан басталып, 52 америкалық дипломаттың екі жыл бойы тұтқында болуына әкеліп соқты. Дағдарыс 1981 жылдың 20 қаңтарына дейін созылғаны тарихтан белгілі.

Сол сұхбатында Трамп Иран-Ирак соғысына да тоқталып, оның ауқымды қақтығысқа айналу қаупі бар екенін болжаған. Бұл көзқарас кейін оның сыртқы саясатының негізгі қағидаларының біріне айналды. 1987 жылы Нью-Гэмпширде сөйлеген сөзінде Трамп АҚШ-қа "Иранға шабуыл жасап, оның мұнай кен орындарының бір бөлігін басып алуды" ұсынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу